Bugin
Фото: видеодан алынған кадр
Алматы облысында 10-сынып оқушысы 6 баланы көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 15 жастағы жасөспірім Subaru көлігімен келе жатып, оны басқара алмай жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Оқиға салдарынан өзімен қатарлас кәмелетке толмаған 6 бала зардап шекті. Бес жасөспірім ауруханада жатыр.
Сонымен қатар оқиға желісі видеоға түсіп қалған.
Бүгін Алматыда ірі жол апаты болғанын хабарлаған едік.