Bugin

Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: medrussia.org

Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы ер адам белгісіз сұйықтықты ішіп қойғаннан кейін туыстары жедел жәрдем шақырған. Содан дәрігерлер оны гипербариялық оксигенация орталығына алып барған.

"Дәрігерлер науқасты тексеріп шыққан соң, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты ем шараларын жүргізу мақсатында жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда ол медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, қарсылық танытқан. Орын алған жағдайға байланысты 102 қызметіне хабар берілді"- делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.