Спорт
IBO-ның не себепті Шарипованы атағынан және белбеуінен айырғаны белгісіз.
Қазақстандық Фируза Шарипова IBO версиясы бойынша әлем чемпионы деген атағынан айырылды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ұйымның ресми сайтындағы ақпарат бойынша Шарипова чемпиондар тізімінен алынып тасталды. Фируза екінші жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпион болатын. 2017 жылы 30 желтоқсанда Алматы өткен кездесуде бельгиялық Джемилл Гонтарюкті жеңіп, осы атақты жеңіп алған. Осы кездесуде WBC Silver белбеуін де жеңіп алған болатын. Ендігі жерде бұл белбеуден де айырылып отыр.
IBO-ның не себепті Шарипованы атағынан және белбеуінен айырғаны белгісіз. Кейбір деректер бойынша, Фирузаның денсаулығының дұрыс болмауы, соның салдарынан атағын қорғай алмауы.