Bugin

Қырғызстанда алғаш рет NAIZA турнирі өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Naiza лигасының баспасөз қызметі

Қырғызстанда алғаш рет Орталық Азияның жетекші лигасы - NAIZA турнирі өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

7 қазан күні сағат 18:00-де К. Кожомкул атындағы спорт сарайында көптен күткен PFL KG - мен бірлескен NAIZA 53 турнирі өткізіледі.

"Қырғызстанда аралас жекпе-жек өнерінің тарихы өте бай. Мысалы бұрынғы UFC чемпионы, белбеуін 7 рет қорғаған Валентина Шевченко, сонымен қатар қырғызстандық Бусурманкул Абдибаитуулу әлемнің жетекші лигасымен шарт жасасқалы отыр. Одан бөлек көптеген спортшы біздің промоушенде де, басқа лигаларда да өздерін жақсы жағынан көрсетті. Қырғызстандық ММА өте қарқынды дамуда және оны тоқтатуға болмайды. Біздің жоспарымыз - турнирді бір рет қана өткізу емес. Қырғызстандық әріптестерімен бірге жыл сайын іс-шаралар ұйымдастырғымыз келеді", - деп атап өтті Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала.

Турнирге Қырғызстан, Қазақстан, Украина, Ресей және басқа елдердің ең мықты спортшылары қатысады.

Кештің басты оқиғасы - жеңіл салмақтың чемпиондығына ұмтылған қырғызстандық Каныбек Жаныбек Уулу мен украиналық Даниель Донченко атты екі мықты спортшының арасындағы шайқас болмақ. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы NAIZA лигасының белбеуі үшін күресуге мүмкіндік алады.

Қазақстандық спортшылар Дастан Амангелді мен Еламан Шертаев кездеседі. 

Сондай-ақ турнир аясында жүлде қоры 50 миллион теңгені құрайтын NAIZA 5x5 Grand-Prix өтеді! Алғашқылар болып, DAR Pro Team клубының жауынгерлері және Қырғызстан өкілдері, Kyrgyz Team айқасады.

Турнирдің көрсетілімін NAIZA.TV платформасына жазылу арқылы тамашалауға болады. Ал қырғызстандық жанкүйерлер үшін эксклюзивті түрде КТРК телеарнасынан көрсетіледі.