Bugin
Фото: rudrasofttech.com
Берлинде велосипед тебуге шектеу қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz портал "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Еуропаның бас қалалары орталық көшелерді көліктен арылтып, велосипедпен жүретін аумақтарды көбейтуге күш салып жатыр. Бірақ Берлиннің жаңа билігі бұл бағыттағы жобалардан бас тартып, авто жүргізушілер құқығын қорғауға көшті.
Берлинде таңғы уақытта шайтан арбасына мініп жұмысына асыққан жандарды көптеп кездестіру - үйреншікті көрініс. Бірақ көшелердің бәрі велосипедшілер үшін қолайлы деп айтуға келмейді. Оның үстіне қаланың жаңа билігі велосипедпен жүретін аудандар құру идеясынан бас тартты. Тұрғындардың да көзқарасы әртүрлі.