Bugin
Фото: автор Турар Казангапов
Өскемен полиция басқармасы Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.