Bugin

Алматы облысында құдыққа құлаған бала мүгедек болып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Алматы облысында 7 жасар бала кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалуына байланысты ресми арыз енді жазылды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

"Бұл жерде полиция өкілдері кінәлі деп есептеймін, себебі дер кезінде мәлімет берілген болса, оқиға орнына барған болса, яғни жасөспірімнің жапа шеккенін көрген болса, бұл жерде іс дер кезінде қозғалып, кінәлілерді анықтап, заңсыздығы мен заңдылығы және баланың жарақатының қандай дәрежеде екендігін анықтау – полиция өкілдерінің міндеті"- дейді заңгер Камиша Есмұхамбетқызы.

 

 

"Әрине, полиция өкілдерін жауапкершілікке тартуға болады. Ол үшін прокуратураға шағым жазу керек, яғни полициялардың әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты. Жасөспірімнің зардап шеккені үшін кінәлілерді анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалу керек. ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы –  міндетін адал атқармау. Бұл жерде орындау керек міндеттемелер бар, қауіпсіздік мәселелері бар. Солардың барлығы тиісті деңгейде қадағалануы тиіс еді. Жауапкершілік сол компанияда болған соң олар жауапты түрде баланың тағдырына жауап беруі керек"-деп түсіндірді заңгер.