Bugin
Фото: aerologic.com
Францияның оңтүстік-батысында 40 жастағы тәжірибелі парашютшы Николас Гали өзі секірген ұшақтың қанатына соқтығысып, басы жұлынып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Гали парашютпен емес, әуе арқылы жоспарлауға мүмкіндік беретін арнайы қанатпен секірген. Оқиға 2018 жылдың шілдесінде болған, бірақ ол туралы енді ғана белгілі болды. Бұған тергеудің ұзаққа созылуы себеп болды. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, 64 жастағы ұшқыш Алан Ц. кінәлі деп танылды.
Сол күні бортта сегіз парашютшы мен екі қанатпен ұшатын адамдар(вингсьютер) болды. Гали мен оның серіктесі Тулузадан солтүстікке қарай 4,4 мың метр биіктікте ұшақтан бірінші болып секірген. Жылдам құлдыйлап келе жатқан ұшқыш 20 секундтан кейін 300 метр төмендегі ер адамдардың қасынан бір-ақ шыққан. Бар жылдамдықпен ұшып келе жатқан ұшақтың қанаты мен тірегі Галидың мойын аймағына тиген. Осыдан кейін оның апаттық парашюті іске қосылған. Екінші адам жарақаттан аман қалған.
Сотта Алан Ц., жолаушыларына нұсқау бермегенін, сонымен қатар, медициналық сараптама қорытындысы бойынша медициналық шектеулерге байланысты ұшуға құқығы жоқ екенін мойындады.
Ол ер адамдардан көз жазып қалғанын, олардың басқа бағытта жүргеніне сенімді болғанын айтты.
"Еркін құлау кезінде парашютшылардан айырмашылығы, қанатпен ұшатындар түзу сызықта қозғалатындықтан, олармен жұмыс қиынырақ. Олар баяу төмендейді және ұшақпен соқтығысуы мүмкін", - деді Алан Ц.
Ұшқыштың айтуынша, Гали жоспарлаған бағытынан солтүстікке қарай ауытқыған және ұшақпен параллель ұшпауы керек еді.
"Бұл менің өмірімнің қасіреті, бірақ мен кінәлі емеспін", - деді Алан Ц.
Прокурор өз сөзінде айыпталушыға қарсылық білдіріп, Галидің ережелерді қатаң сақтаған жалғыз адам екенін атап өтті. Ол ұшқыш үшін 12 айлық шартты мерзімді және Midi-Pyrénées парашютшілер мектебіне он мың еуро айыппұл салуды талап етті. Соттың үкімі 2023 жылдың қарашасында жарияланады.