Bugin
Фото: food.inmyroom.ru
Ақтауда сауда орталығынан сатып алынған қағаз қаптағы екі келілік ұнның ішінен құрт шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын Гүлмираның айтуынша, жақында екі келілік қағаз қаптағы бірінші сұрыпты бидай ұнының екеуін сатып алған, оның біреуін ашқанда ішінен жыбырлаған құрт шыққан, деп жазады Lada.kz.
Дегенмен қап сыртындағы цифрларға қарағанда тауардың мерзімі әлі өтпеген.
Келесі күні ол күйеуімен бірге құрттаған ұнды сатып алған сауда орталығына барады.
Әкімші оларға әкелген тауарды басқасына ауыстырып беруді ұсынады.
"Олар, тіпті оны да ашып көрді. Құрт бар-жоғын тексеру үшін", - дейді Гүлмира.
Әйелдің айтуынша, таныстары да осы жазда "құрттаған" ұн сатып алған.