Bugin
Фото: pancreatus.com
Ғалымдар ковидтен ұзақ уақыт зардап шеккендердің үштен бірінде ауруханадан шыққан соң бірнеше айдан кейін ішкі органдардың жұмысындағы бұзылуларды анықтады. Бұл туралы ВВС жаңалықтарында айтылды.
Ғалымдар алғаш рет вирус жұқтырғаннан кейін ұзақ уақыт аурудан арыла алмаған науқастардың МРТ қорытындыларын зерттеді.
Зерттеу нәтижесі ковидпен ұзақ ауырғандарда ауырмағандар тобымен салыстырғанда өкпе, ми және бүйрек зақымдануы үш есе жоғары екенін көрсеткен.
Өкпенің зақымдануы Covid-пен ұзақ уақыт ауырған науқастар арасында шамамен 14 есе жиі кездеседі, ал бүйрек пен мидың ауытқуы сәйкесінше үш және екі есе жоғары болды.
Көптеген органдардың зақымдану дәрежесі инфекцияның ауырлығына, жасына және басқа аурулардың болуына байланысты.