Bugin

"Көзі көрмей қалуы мүмкін": Астанада баспалдақтан құлаған оқушы комаға түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: stroiteh-msk.ru

Астанада оқушы баспалдақтан құлаған соң комаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

Құқық қорғаушы Динара Смаилованың сөзінше, жедел жәрдем ұзақ жеткен. Ал қабаттар арасында орналасқан камералар жұмыс істемеген. 

"Қазір балаға Түркияда шұғыл ота жасау керек. Бас жарақатының кесірінен көзі көрмей бара жатыр", – деп жазды құқық қорғаушы. 

Балаға ашық бас сүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, маңдай сүйегінің сынуы, пневмоцефалия, көз алмасының ісуі, периорбиталды ісу диагнозы қойылған.

"Мектеп директоры жауапкершіліктен қашып, әкімшілік айыппұлға үміттенеді. Міндетіңізді дұрыс атқармағандықтан денсаулыққа ауыр зиян келді. НеМолчиKz қоры жедел түрде №14 мектеп директоры мен білім беру департаменті отаның құнын, материалдық және моральдық өтемақы төлеуді талап етеді", – деп қосты құқық қорғаушы. 

Балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиева баланың анасымен байланыста екен мәлімдеді. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.