Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Алматы қ. ТЖД
Алматыда жеке үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 25 қыркүйек, түнгі сағат 02:29 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 118 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Департамент: "Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені өртеніп, жалын үйдің шатырына таралып үлгерген. Қызыл жалын 290 шаршы метр аумақты шарпыды", – деп мәлімдеді.
Жалын сағат 03:04-те оқшауланып, 03:51-де толығымен жойылды.
"Өрт сөндірушілер оңтүстік және солтүстік жағында орналасқан екі жеке тұрғын үйді оттан қорғап қалды", – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, тілсіз жаумен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолынан жарақат алған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61