Bugin
Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы
20 қыркүйек күні №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы келіншек 11-баласын босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Медицина мамандарының сөзіне сүйенсек, сарыағаштық Айнагүл бұл жолы да отасыз, табиғи жолмен босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.
Бұған дейін Айнагүлдің отбасында 5 ұл, 5 қыз болды. Енді олардың қатарына Мұстафа есімді ұл қосылды. Балалардың үлкені – 21 жаста.
Белгілі болғандай, жаняұның отағасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам қызметін атқарады. Ал анасы үйде бала күтімімен айналысады.