Bugin

Әйелімен жанжалдасқан азамат екі ұлын өлтіріп, өзіне қол салған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: SHOT

Ресейдің Омск облысында ер адам әйелі ажыраспақ болғаны үшін екі кішкентай ұлын өлтіріп, соңынан өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алты ай бойы отбасынан бөлек тұрған 36 жастағы ер адам қайғылы оқиға болар күні 30 жастағы әйелі мен балаларына қонаққа келген. Ол жерде әйелінің 27 жастағы інісі болған. Ер адам әйелін қайта қосылуға көндірмек болған.

Әйелі одан бас тартып, ажырасатынын айтқан соң, ер адам сейфтен мылтығын алып, оқ жаудырған. Ол алдымен әйелінің інісін өлтірген. Қатты қорыққан әйел кішкентай қызын қолына алып, ұлдарына соңымнан жүгіріңдер деп айқайлап, олармен бірге үйден шыққан. Алайда жеті жасар бала ғана қашып үлгеріп, оның үш және бес жасар інілері әкесінің қолынан көз жұмған. Содан кейін ер адам өзінің басынан оқ атқан.