Bugin

Оралда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

25 қыркүйекте сағат 9:30 шамасында "Алтын Алма" базарының жанында КАМАЗ көлігі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

53 жастағы әйелдің базарға қарама-қарсы жақтан арнайы белгісі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болғаны белгілі болды.

"52 жастағы жүргізуші тізгіндеген КАМАЗ оны қағып кетті. Зардап шеккен әйел ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ол ота барысында жан тапсырды", -делінген хабарламада.