Bugin

Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып, қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан алынған кадр 

Алматыда мопед жүргізушісін жүк көлігі басып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде жарияланған бейнежазбадан мәйіттің көрпемен жабылғанын, ал периметрі лентамен сондай-ақ полиция және азаматтық көліктермен қоршалғанын көруге болады. Мәйіттің жанында бір әйел жылап отыр.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаны растады. 

"Жол-көлік оқиғасы 25 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00 шамасында Алатау ауданында болды. Shacman автосамосвалының жүргізушісі Бұрындай көшесімен шығыс бағытта, Бағаналы Орда көшесінің қиылысында оңға бұрылып келе жатқанда, Бұрындай көшесімен сол бағытта келе жатқан кәмелетке толмаған 2006 жылы туылған азаматтың басқаруындағы мопедпен соқтығысқан.

Нәтижесінде, мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындады", – делінген полиция хабарламасында.