Bugin

Азиада – 2023: Ел қоржынына кезекті жүлде түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.

Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.

"Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.