Bugin

Шымкентте жоғалған екі оқушының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Шымкентте жоғалған екі оқушы табылды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі жағдайда да жасөспірімдер ата-анасынан жасырын түрде кешкі уақытта серуендеуге шыққан. Үлкендер тыйым салған соң осындай қадамға барған.

Тұран ауданының тұрғыны 15 жастағы қызымен хабарласа алмай жатқанын айтып, полицияға шағымданған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшыларына тағы да осындай қоңырау түсті. Бұл жолы жоғалған жігіттің анасы дабыл қаққан. Балаларды іздестіру жұмыстарына Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Қызметкерлер жастар көп жиналатын орындар мен көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын қарап шықты. Нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына қайтарылды. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61