Bugin
Фото: polisia.kz
Оқиға Ақсу ауданындағы Көлтабан-Матай тас жолында болды. Ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші Mitsubishi Montero Sport көлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.
ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.