Bugin
Фото:pixabay.com
Қазақстанда 6 ай ішінде 37 дәмхана пайдалануға берілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
2023 жылдың қаңтар-маусым аралығында Қазақстанда 2500 орындық 37 дәмхана пайдалануға берілді.
Ал өткен жылы жарты жыл ішінде 26 дәмхана іске қосылған.
Пайдалануға берілген нысандардың нақты құны — 5,6 млрд теңге.
Өңірлік бөліністе дәмхананың ең көбі Абай мен Түркістан облыстарында ашылды — сәйкесінше 8 және 13 нысан.
Сондай-ақ алты ай ішінде 735 орындық 6 асхана және 60 орынға есептелген 2 жылдам тамақтану кәсіпорны қолданысқа берілді.