Bugin
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола.
23 қыркүйекте басталған дүбірлі додаға спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) қатысуда.