Bugin
Фото: автор Anna Kester, pexels.com
Иракта үйлену тойындағы өрт салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
CNN басылымының 27 қыркүйекте жазуынша, Ирактың Ниневия провинциясының солтүстік-шығысындағы әл-Хамдания ауданында үйлену тойы кезінде алапат өрт болды.
"Қайғылы оқиғаның себебі отты дұрыс қолданбау болуы мүмкін - тойда отшашулар атылып, көп шам жағылған",- деп атап өтті Ирактың Азаматтық қорғаныс министрлігі.
Өрттің тез таралып, қаза болғандардың көп болуына мерекелік залдың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін арзан әрі тез тұтанатын материалдармен безендірілуі себеп болған.