Bugin

Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің тергеліп жатқаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бауыржан Байбек. Иллюстрация: exclusive.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек тергеуде емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Алматы әкімінің экс-орынбасары Ілияс Өсеровке үкім шықты. Осы іс аясында Бауыржан Байбекке қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

"Менің білуімше, іс бойынша Байбек жайлы деректер жоқ. Мен естіген жоқпын. Ол қайда екенін білмеймін. Кипр бойынша, біз бүгін шарттарды ратификациялауды қарастырып жатырмыз, біздің деректеріміз бойынша, қазір Кипрде Қазақстан іздеу жариялаған адамдар жоқ", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.

Журналистердің "Байбекке қарсы қылмыстық іс жүргізіліп жатыр ма?” деген сұрағына Бас прокурордың орынбасары мұндай ақпарат жоғын айтты.