Bugin

Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы баланың ата-анасы қоғам белсендісіне жазған. Сұмдық оқиға желіде қызу талқылануда. Оқиға әжетханада болған көрінеді. Бостандық ауданындағы жеке мектепте 67 камера бар. Білім ордасының директоры сұмдық жағдай туралы тәртіп сақшылары келгенде ғана білген.

"Бұндай ауыр жағдай бізді қатты қынжылтады, біз баланы барынша қорғап қалғымыз келеді. Бізге полициядан арыз түскенде ғана бұл жағдай туралы білдік. Біздің мектептің 1 сынып оқушысына қатысты зорлық әрекеттері болды деген күдік бар деп келді. Мектебімізде бейнекамералар өте көп, біз тергеуге барынша атсалысып көмек көрсетіп жатырмыз. Ата-анармен ашық сөйлестік. Қолдау көрсетуге дайынбыз"-деді мектеп басшысы.

Құқық қорғау органдары тергеуде бастап кетті. Сараптама тағайындалды.