Bugin
Фото: видеодан кадр
Үндістандық IndiGo әуекомпаниясының жолаушысы депрессия салдарынан ұшып келе жатқан лайнердің апатты жағдайда ашылатын есігін ашып, секіріп кетпек болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Оқиға Үндістанның ішкі рейсінде Гувахатиден Агарталуға ұшу кезінде болған.
Әуе сапары кезінде 41 жастағы Бисваджит Дебнатх кенеттен орнынан тұрып апатты жағдайда ашылатын есікке беттеген.
Мұны көрген басқа жолаушылар мен экипаж мүшелері оны тоқтатпақ болған, алайда ол барынша қарсылық көрсеткен.
Жолаушылар ұшақ жерге қонғанға дейін бортсеріктерге ер адамды ұстап тұруға көмектескен. Діттеген жерге жеткен кезде үндістандық ер адамды полиция алып кеткен.