Саясат

Білек сыбанар сәт

«Қазіргі заман бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Сөз түзелді,тыңдаушы сен де түзел» игі бастамалар қолға алынды. Кезек білек сыбанып іске кірісу. Елбасымыз дамыған Қазақстанның іргетасын қалауда, білімді жастардың біліктілігіне, дарындылардың дараланып оза шабарына сенім артады.

Бұған дәлел 2019 жыл «Жастар жылы»болып жарялануынан айқын көрніс тапты. Кеше, бүгін, ертең деген тарихи сәттерді құраушы жастар. Кешегі күнде Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін" – деп егемендікке қол сөзу жолында намысты ұл-қыздарды тәрбиеледі. Ал бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазіргі заман бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» дей отырып осы жылды толықтай жастардың игілігіне арнауды тапсырды. Бұл орайда таразы басын тең ұстаумыз аса қажет.

"Алма піс, аузыма түс" дейтін қасаң көзқарастан арылумыз керек. Жоспар бойынша жүрер бағытымыз айқындалып үлгерді. Жастар да соған лайықты халыққа, мемлекетімізге білімінің, еңбегінің жемісін көрсетіп кірпішіміз болып қалануы тиіс. Қолдау барда өсіп, өркендеп өзгелермен тереземізді теңестіруге мүмкіндіктер туындайды. «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» елі үшін қызмет еткен жастарға мемлекет те өз сыйын аяған емес.

Әлеуметтік желіні, телеарналарды ашып қалсақ "Жастар жылынан не күтеміз?", "қандай жағдай жасайды?", "не өзгереді?" деген үнқатуларды жиі естейміз. "Сыйға сый, сыраға бал" жастар аталған қолдаулардың қарымтасын қайтара ала ма? Не алады емес, бірінші не бере алады?

Жамалмаған жыртығымызға жамау болса, міне сонда ғана таразының басы теңесер еді. Әлде берген қолым алағанның кебін киеміз бе? Қазіргі таңның өзінде жастарды жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету, арнайы шәкіртақылар тағайындау жұмыстары басталып кетті. Тіпті ән-шашу, ойын-сауықтық бағдарламамен жастар жылын атап өтіп жатқан аймақтардың қарасы көп. 

Басты міндет ұсынылған мүмкіндіктерді қалт жібермей уақытында пайдаланған жөн. Мүмкіндікті тиімді қолдана білген жастар арқылы еліміз жаһандану көшіне ілесіп, алпауыт елдердің тасасында қалмай алға ілгерлейді. Жаһандық біліммен иық тіресу жастардың құзіреттілігіндегі іске айналып отыр. Білекті сыбанып қойып ойға алған тың идияларды жүзеге асырып, кенжелеп қалған тұстарымыздың дамуына жастар ат салысса нұр үстіне нұр болры айқын. Жастар жылында жасалатын оң мүмкіндіктер елімізді одан әрі жандануына бір табан жақындатады. Жастардың құлағына алтын сырға лайым жемісті жыл болғай.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгінде күн болмағанда кім болам?!», – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров өз заманында күн болып жарқырауды қаласа, енді XXI ғасырдың жастары елінің көгінде жарқыраған жұлдызы болу керек. 2019 жылды жастар тарих беттеріне ерекше бояумен жазып қалдырары ақиқат.