Bugin
Фото: pinterest.com
Қазақстан азаматтарының атына 61 ұшақ пен 58 яхта тіркелген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Азаматтарға әуе кемелерін, яхталарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру мәселесі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің құзыретіне жатады. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ақпараттарына сәкес, 2022 жылы Қазақстан Республикасының азаматтарына 61 азаматтық әуе кемесі және 58 яхта тіркелген", - деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
Комитет мәліметінше, елімізді Салық кодексінде қымбат жылжымайтын мүлік ұғымы қарастырылмаған.
"Яғни қымбат жылжымайтын мүліктерді айқындау өлшемшарттары жоқ. Осыған орай, Қазақстан Республикасының азаматтарының атында қанша қымбат жылжымайтын мүлік бар екендігі туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ", - деді ведомстводан.
Қазан айындағы мерекеге байланысты 34 500 кімдерге беріледі?
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсыруға міндетті болады