Bugin

Ташкенттегі жарылыстан 163 адам жараланып, жасөспірім қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Ташкенттегі өнеркәсіп қоймасында болған жарылыс салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, 163 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Gazeta.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, 24 адам Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облыстық филиалына, қалалық жедел жәрдем ауруханасына, 1-ші республикалық және 1-ші қалалық клиникалық ауруханаға, 1-ші перзентханаға жатқызылған.

Қалған 138 зардап шеккендерге амбулаторлық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.

Ал 17 жастағы жасөспірімнің өз пәтерінде қайтыс болғаны туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады.

"Қазіргі уақытта стационарда емделіп жатқан науқастардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Олардың денсаулықтары қанағаттанарлық. Медициналық көмек көрсетуге республикамыздың жетекші мамандары жұмылдырылды", –  деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Жарылыс толқыны көпқабатты үйлердегі ондаған пәтердің терезелерін сындырған. Көптеген тұрғындар көліктеріне ұйықтауға мәжбүр. Кейбір көліктерге зақым келген.