Bugin

Тоқаев Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Германияға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.

Президент пен Канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейде өтетін "Орталық Азия – Германия" кездесуінің күн тәртібін талқылады.