Bugin

"Таулы Қарабақ Республикасы" жойылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: armenpress.am

аулы Қарабақ Республикасының басшысы Самвел Шахраманян Қарабақтың барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарын тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Аrmenpress сайтына сілтеме жасап.

Жарлықта шешім шығару кезінде қазіргі күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты Арцах халқының физикалық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ету басымдығы негізге алынғаны, Ресей бітімгерлік контингенті қолбасшылығының арағайындық етуімен Әзербайжан Республикасы өкілдерімен қол жеткізілген келісім (онда Таулы Қарабақ тұрғындарының, оның ішінде қаруын тастаған әскери қызметшілердің өз мүлкімен және көлігімен Лачин дәлізі бойынша еркін, ерікті және кедергісіз өтуі туралы айтылған) ескерілгені, сондай-ақ Қарабақ Конституциясының 93-бабы басшылыққа алынғаны айтылған.

Жарлық мәтіні бойынша:

  1. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар таратылсын және Таулы Қарабақ (Арцах) Республикасы өз қызметін тоқтатсын.
  2. Таулы Қарабақ тұрғындары, соның ішінде республикадан тыс жерлердегі тұрғындарға осы Жарлық күшіне енгеннен кейін болашақта Таулы Қарабақта қалу (қайту) мүмкіндігі туралытәуелсіз және жеке шешім қабылдау мақсатында Әзербайжан Республикасы ұсынған реинтеграция шарттарымен таныссын».