Bugin

Қазақстанға заңсыз тасымалданған iPhone 15 телефондары анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Алматы халықаралық әуежайында iPhone 15 ұялы телефондары контабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткендей,22 қыркүйек күні «Дубай-Алматы» рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғадан декларацияланбаған iPhone 15 телефонының 34 данасы табылды. Олардың алдын ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн теңге. Ал мемлекетке келтірілген шығын 3,1 млн теңгені құрайды.

"Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді.

Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес 103 500 теңге (30 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мемлекеттік кірістер комитетінен еске салып өткендей, ұялы телефондар жеке тауарлар санатына жатады және жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың саны бір адамға екі бірліктен аспауы тиіс (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы).