Bugin

Азия ойындарында қазақ боксшысы екінші қарсыласын да сұлатып салды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Азия ойындарында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан сайыста Сағындық 92 келіге дейінгі салмақта ирандық Туфан Шарифиді бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жартылай финалға жолдама алды.

Бүгін күндізгі сессияда рингке шыққан қос боксшымыз сәтсіздікке ұшарады.

Екі мәрте әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта ширек финалда моңғолиялық Есугэн Оюунцэцэгке жол берді.

Айта кетейік, Ташкентте әлем чемпионы болған Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта қытайлық Тоқтарбек Таңатқанға төрешілер шешімімен есе жіберді.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласызд

Халықаралық турнирге қатысқан әлем чемпионы күтпеген жағдайға тап болды