Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер шәкіртақысының кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрінің бақылауында тұр. Жаңа бағдарламаға көшуге байланысты шәкіртақы төлеу мерзімі 2-3 күнге шегерілді. Кеше шамамен 5 жоғары оқу орнының студенттері шәкіртақыларын алды. Бүгін кешке дейін барлық студент шәкіртақыларын толық көлемде алатын болады. Ары кетсе ертең түседі. Министр бақылауда ұстап отыр. Шәкіртақы екі күнге кешікті", - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.
Кеше баспасөз бетінде елордадағы жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия кешіктіріліп жатқаны жазылған еді. Мұндай ақпарат мессенджерлердегі студенттік топтарда тараған.
Әлеуметтік желіде әлі де шәкіртақы алмаған студенттердің жазбасы тарады. Bugin.kz редакциясы осы мәселеге байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бухгалтерия бөліміне хабарласты. Бірақ екі мекеме де тұтқаны көтермеді.