Bugin
Фото: gov.kz
Ирактағы үйлену тойында өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мосулдың шығысындағы Хамдания округінде үйлену залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты", - деп жазылған басылымда.
Бұған дейін Al Arabiya порталы 120 адамның қайтыс болғанын жазған.
Алдын ала мәлімет бойынша меймандар жабық той залында отшашу қолданған. Кейбір БАҚ-тың айтуынша, мейрамхана арзан құрылыс материалдарынан жасалғандықтан, өрт тез тұтанған.