Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Ливияда су тасқынынан мерт болған тағы 64 адамның денесі табылды. Бұл туралы Ливия Ұлттық бірлік үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
"Кейінгі 48 сағатта тағы 64 адамның мәйіті табылды. Осы кезеңде тасқыннан зардап шеккен аудандардағы 714 науқасқа медициналық көмек көрсетілді", – деді үкіметтік Жедел медициналық көмек және қолдау орталығының өкілі Мұхаммед Каблан.