Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Атыраудан Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала қаза тапты. Деректерге сай, қайғылы оқиға балалар дүкенге сұранып кеткен кезде орын алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні түс аған уақытта оқыс оқиға салдарынан болған. Бейресми дереккөздердің мәліметінше, бір топ бала жеке спорт клубының жаттықтырушысымен бірге AIGA Grappling сияқты жекпе-жек спортының бір түрі бойынша ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне қатысу үшін Атыраудан Алматыға келген.
"Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы жарысқа 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдерді апарған. Бір топ бала атыраулық спортшылар тұрақтаған жерде болған. Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған. Салдарынан алты жасар И.Ж. оқыс оқиғаға ұшырап, салдарынан қаза тапқан.
Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мәліметтер нақтылануда.