Bugin

Сауда министрлігі ұн бағасын арзандату үшін не істеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Сауда және интеграция министрлігі жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша көтерме және бөлшек саудада ұн бағасының өсуі тоқтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің ресми ақпаратында айтылғандай, сауда заңнамасын бұзудың салдарын түсіндіру арқылы бизнестегі алыпсатарлықты тоқтатуға қол жеткізілді. Мысалы, Жамбыл облысында 27 қыркүйекте өткен кеңесте Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев өңірлер мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ алдына 2 күн ішінде ішкі нарықты арзандатылған астықпен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қою міндетін тапсырған.

Аталған тапсырманы тиімді іске асыру үшін «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС-мен астықты ел ішінде тасымалдауды басым бағыт ретінде айқындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Сауда министрлігі өңір әкімдіктерінің әлсіз жұмысын атап өтіп, тек Түркістан облысының әкімдігі ғана жөнелту бойынша құжаттарға қол қойып, ұн тарту операторын анықтап, алдын ала төлем жасағанын мәлім етті.

Хабарламада тек 3 өңірді ұн тартушы операторлар (Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы) ұсынғаны айтылған. Ал меморандумға тек алты өңірде (Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстары, Ұлытау облысы, Шымкент қаласы, Астана қаласы) қол қойылған.

"СҚО-да ұн бағасының өсуіне және тапшылығына жол бермеу үшін «Солтүстік» ӘКК» АҚ DEZ ЖШС-мен 1 жыл мерзімге 4 мың тонна ұн сатып алуға келісімшарт жасалды. Компания «Солтүстік «ӘКК» АҚ өтінімі бойынша өнім жеткізіледі. Ұнның бір бөлігі әлеуметтік нан пісіруге берілсе, қалған бөлігі сатуға жіберіледі", - дейді министрліктен.

Одан бөлек, министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бағаның күрт өсуін ескере отырып, баға келісімі және нарыққа қатысушылардың бәсекелестікке қарсы іс-қимылдары тұрғысынан тексерулер жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылдау мәселесі пысықтап жатыр.