Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан Мурсия қаласындағы түнгі клубтағы өрттен қаза тапқандар саны 13-ке жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы аймақтағы шұғыл қызмет өкілдері мәлім етті.
"Оқиға туралы алғаш рет жергілікті уақыт бойынша 1 қазанда таңғы сағат 06:00 (Алматы уақытымен сағат 10.00) шамасында хабарланды. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бригадасы тартылды. Төтенше оқиғадан 13 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.
La opinión de Murcia газетінің хабарлауынша, өрт дискотекадағы шамдардың біріндегі қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін.
Мурсиядағы қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды. Испания премьер-министрінің міндетін атқарушы Педро Санчес оқиғаға байланысты көңіл айтты.