Bugin

Белгілі әнші уағызшылар туралы: "Қоғамды ірітушілер көбейе бастады"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Айгюзель Кадир

Белгілі әнші Қанат Айтбаев Facebook-тегі парақшасында әлеумжеліде әркімнің түрлі уағыз айтып, қоғамды ірітушілер көбейді дейді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

"Әлеуметтік желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болмайтындай жағдайға жеттік-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды - дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады", - деп жазды ол.

Ал пікір қалдырғандар оның ұсынысын қолдайтынын жеткізген.

"Заң керек! Шариғат бойынша пара беруге болады деп бір соқты, енді шеше деген қадірлі атқа тиісіп жатыр. Алда әлі не дейді, мұндай ауыздарға қақпақ керек! "Домбыра – харам" деп те айтты. Оларды заң бойынша тыю керек", - деп жазды жұртшылық.