Bugin

Түркістан облысында бір жылда полицейлерге 9 рет пара ұсынған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Түркістан облысында полицейге пара берудің 9 дерегі анықталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Түркістан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы 2022-2023 жылдар аралығында полиция қызметкерлеріне пара берудің 9 дерегін әшкереледі.

Аталған қылмыстық істер бойынша кінәлі азаматтар ҚР ҚК 367-бабы «пара беру» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Мәселен Түркістан қалалық полиция басқармасында ҚР ҚК 190-бабы бойынша күдікті лауазымды тұлғаларға пара беруге оқталған.

Бұл бойынша полиция қызметкері өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, заңға сәйкес шаралар атқарылған.

Тағы осындай жайттың бірі трассада болған. «Шымкент-Самара» тасжолы бойында патруль полицейі жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатады.

Оның құжаттарын тексеріп, әкімшілік шара қолдану кезінде жүргізуші хаттама толтырмас үшін полицейге пара ұсынған.

Бұл бойынша да тиісті шаралар атқарылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арасында «теріс пиғылымен», тұрғындардың пара беру қылмысымен күресті күшейтіп жатыр.

Заң бойынша пара алушы да, беруші де қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Пара беру қылмысы үшін ең ауыр жаза - 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу.