Bugin

АИТВ инфекциясын әдейі жұқтырған Теміртау тұрғыны 6 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Теміртауда ауыр дерті барын біле тұра, қасақана әйелдермен қорғалмаған байланысқа түсіп, оларға АИТВ-инфекциясын жұқтырған ер адамды соттау процессі өтті. Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өткізу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Теміртау қалалық соты жабық сот отырысында қарады. Айыпкерге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 118-бабы 3-бөлігі (ауруын біле тұра, басқа адамға АИТВ жұқтырған) бойынша айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында екі әйелді АИТВ-инфекциясымен қасақана жұқтырған ер адам ұсталды.

Ер адам ауруды таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертілгеніне қарамастан, басқа адамға АИТВ/ЖИТС жұқтырғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді.

Сотта ер адамның кінәсі оның ішінара мойындауымен, жәбірленушілердің айғақтарымен және іс материалдарымен расталды.

Прокурор айыпталушыға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал қорғаушы тарап бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындауды өтінді.