Bugin
Фото: Sports.kz
Қазақстандық велоспортшы Рината Сұлтанова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Ол тасжолдағы жарыстың жекелей сынына қатысып, мәре сызығын үшінші (+1:00.11) болып кесті. Өзбекстан өкілі Ольга Забелинская (24:35.99) мен жапониялық Эри Ёнамине (+59.60) бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Жарыс жолына 14 спортшы шыққан болатын.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы 40-шы жүлдесі және 29-шы «қоласы» болып тұр. Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынында төрт алтын, жеті күміс медаль бар. Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.