Bugin

Мопедистердің кінәсінен екі күнде 3 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Елімізде электрлі самокаттар мен мопед жүргізушілері көбейе бастады. Бұл туралы Ішкі істер бірінші вице-министр Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Соңғы жылдары электрлі самокаттар мен мопедтер көбейді. Олардың саны енді артпаса, төмендемейді. Тек соңғы екі күнде мопедистердің кінәсінен 3 адам қаза тапты. Биыл 30 тамызда Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген заң жобасы қабылданды. Онда электрлі самокат ұғымы, жүріп-тұру ережелері, сондай-ақ олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген. Бұл шаралар олардың жүрісін реттеуге мүмкіндік берді, ал полицияда ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды", - деді Марат Қожаев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.