Bugin
Фото: pexels.com
Федоров ауданының Қосарал ауылдық округіне қасқырлар аз уақыт ішінде қойларға үш мәрте шабуыл жасады. Жергілікті шекарашылар тіпті екі сұр жыртқышты видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті "Федоровские новости" басылымының жазуынша, орманшылар қауіпсіздік үшін тұрғындардан Жыланды және Байқайың ауылдары арасындағы орманға бармауды ескертті.
"Қасқырлар бір апта бұрын Жыланды ауылының маңындағы ормандарда байқалған. Бұған дейін орманшылар сұр жыртқыштарды Байқайыңнан көргендерін айтқан болатын, енді олар бізде пайда болды", – дейді "Усаков орман шаруашылығы" КММ басшысының орынбасары М.Бекентаев.
Үйірлі жыртқыштар Жыланды ауылы маңында жайылып жүрген малға үш рет шабуыл жасап үлгерген.