Bugin

104 жастағы әжей парашютпен секіріп, рекорд жаңартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: © Provided by The Independent

104 жастағы Чикаго тұрғыны рекорд жаңарту үшін парашютпен ұшақтан секірді. Бұған дейін бұл рекорд 103 жастағы швециялық кейуанаға тиесілі еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

"Адамның жасы – жай ғана сандар", - деді Дороти Хоффнер жексенбі күні парашютпен секіріп, табаны жерге тиген кезде.

Ол Чикагодан оңтүстік-батысқа қарай 85 миль (140 шақырым) қашықтықта жерге қонды. Әжей 4100 метр биіктен секірген. 

Ең кәрі парашютшы ретінде Гиннес рекордын 2022 жылдың мамыр айында швециялық 103 жастағы Линниа Ингегард Ларссон орнатқан болатын.

Ал қазір Чикагодағы Skydive компаниясы Хоффнердің есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге талпынып жатыр.