Bugin

Астана: ЭКСПО аумағынан өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр

Астанада ЭКСПО аумағында салынып жатқан ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy-ке сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт құрылыс материалдарынан шыққан.

Ведомство мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 15.08-де түскен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жаңа ғимараттан қою түтін шыққанын алдымен жергілікті тұрғындар байқаған.

"Хусейн бел Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында орналасқан аумақтағы құрылыстан өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқаны анықталды. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер оқиға орнында өртті сөндіріп жатыр", - делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.