Bugin

Алматы облысында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sputnik.kz

Алматы облысының Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бақанас – Балқаш ауданының орталығы. 6000-нан астам тұрғыны бар. Дәл осы ауылда өгей нағашы атасы 3 жасар екі қызды зорлаған.

Сұмдығы сол, бүлдіршіндерге жасалған қиянатты нағашы әжесі де, анасы да білген, бірақ полицияға шағымданбаған.

"Бұл әйелдің егіз қызынан кейін екі жаста тағы бір баласы бар, үлкен балалары да бар дейді. Өзі 1997 жылғы. Жағдайы нашар, фазендада тұрады. Егіздің біреуінің ішінен қан кеткен. Жедел жәрдеммен апарғанда, памперсі қанға толып кеткен. Сол жерде анасы егізімнің сыңары деп айтып қалған. Дәрігерлер сыңарын да алдырып, оның бұған дейін зорланғанын анықтаған", - дейді Бақанас ауылының тұрғыны Әсел Омар.

"Күдікті қыздардың анасын да, нағашы әжесін де қорқытып ұстаған. Сол себепті олар айтпаған. Ал шын мәнінде қыздардың зорланғанын нағашы әжесі де, анасы да бұрыннан білген", - дейді Әсел Омарова.

Адандық аурухана мамандары бала ауыр жағдайда түскенін айтты. Ал аудандық прокуратура екі адамның күдікті ретінде қамалғанын хабарлады.