Bugin

Қазақстан Азия ойындарындағы алтыншы алтынға қол жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар чемпион атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ҚазАқпарат мәліметінше, ел құрамасы сапында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский сынға түсті.

Дүбірлі додада 210 шақырымға созылған бәсекеде Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып қиса, екінші орын Алексей Луценкоға бұйырды.