Bugin

Әйел күйеуінен таяқ жесе де, айыппұл төлетуі мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.pexels.com

Әйел күйеуінен таяқ жесе де, айыппұл төлетуі мүмкін бе? Бұл сұраққа  ІІМ орынбасары Игорь Лепеха жауап берді.

Сондай-ақ ол бұған дейін мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайдың зорлық-зомбылық құрбандарына айыппұл салу туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ орынбасары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін мейілінше болдырмау үшін күрес жүргізуде екенін айтты. 

"Заң жобасы аясында біз жинақталған тәжірибені ескере отырып, барлығын мүмкіндігінше жүзеге асыруға тырысамыз. Сіздің айтып тұрғаныңызды түсініп тұрмын, дегенмен кез келген жағдайда мұны көпшілік шешеді. Біз бәріміз жұмыс тобында мұны алдымен талқыға саламыз, жұмыс тобы норманың кей тұстарын қолдауы немесе қолдамауы мүмкін. Содан соң, палатаның салалық комитетінің отырысын ұйымдастырамыз. Одан кейін барып палатаға жіберіледі. Яғни қажетсізін немесе дұрыс емесін, тіпті күмәндісін алып тастауға мүмкіндік беретін көптеген кезеңнен өтуі тиіс деп санаймын.  Бұл жерде (заң жобасына – ред.) енбеуі тиіс нәрселерді айтып отырмын”, – деп түсіндірді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Игорь Лепеха БАҚ өкілінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына айыппұл салу туралы бастама көтерген депутаттың  ұсынысы заңда ескеріле ме деген сұрағына жауап берді.

“Тіпті зорлық-зомбылық құрбанына айыппұл салудың өзі – біріншісі екінші бөлігімен қиыспайды. Менің  пайымыша, бұған ешкім барып, қолдай қоймас”, – деді Игорь Лепеха.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Жарқынбек Амантайұлы отбасын шайқалтқандарға жауапкершілік те бірдей болуы керек екенін айтқан еді.