Bugin

21 жастағы спортшы Азия чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы үш медальді жеңіп алды: Нұржан Батырбеков ел қоржынына жетінші алтынды салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

21 жастағы қазақстандық халықаралық аренада алғаш рет алтын алды: 69 келіге дейінгі финалдық кездесуде Нұржан БАӘ спортшысы Мохаммед Аль-Суваидиді жеңді.

Мансур Хабибулла (62 келіге дейін) мен Алдияр Серік (62 келіге дейін) Қазақстанға тағы екі қола медаль әкелді.